430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Батыс Қазақстанда жаңа жылыжай кешені іске қосылды

  • 87
  • UPD: 19:55, 19.11.2021

Батыс Қазақстан облысында жаңа жылыжай жұмысын бастады. Жылына мұнда 7,9 мың тонна қияр мен қызанақ өсіруге болады. Жаңа жобаға аграрлық несие корпорациясы арқылы 14 миллиард теңге инвестиция жұмсалыпты.

Жылыжай Бәйтерек ауданының Новенький ауылында орналасқан. Голландиялық технология қолданылатын кешеннің жалпы аумағы – 11 гектар. Алып нысанда күніне 10 тоннаға тарта өнім жиналады.

Мұрат Ибрагимов, «World Green Company» ЖШС Директоры:

– Гидропоника технологиясымен жылына 3900 тонна томат және 3700-3800 тонна қияр өсіріледі. Қазіргі таңда 150-ден астам жұмысшы бар. Тағы да жұмысшылар керек, қасымыздағы елді мекендерден жұмысшыларды шақырамыз.

Ірі инвестициялық жобаның әлеуметтік маңызы зор. Өйткені осы арқылы өңір нарығында бәсекелестік пайда болады. Жылыжайда өндірілетін өнім аймақта көкөніс бағасының арзандауына өз септігін тигізеді,- дейді өңір басшысы.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілді. Ол кредиттік корпорациясының жеңілдікпен берген кредиті еді. Сонымен қатар бізде инвестицияларды қайтаратын субсидиялар бар. Және жергілікті бюджет тарапынан инфрақұрылымды салуға қаражат бөлінді. Енді осы жерде 150 жұмыс орны ашылады. Әзірге жалақы 130-150 мың құрап отыр.

Жылыжайда жақын маңда орналасқан бірнеше ауылдың тұрғындары жұмыспен қамтылды. Олар жиналған өнімді сұрыптап, сатуға даярлау секілді жұмыстарды атқарады. Ал дайын өнім көрші облыстар мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына, сонымен қатар Ресей елінің нарығына шығарылады.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

 

Хабар 24 телеарнасы