Сенатта елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз ету және моноқалаларды дамыту. Осы және өзге де мәселелер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің мәслихат хатшыларымен кездесуінде талқыланды.

Жиында еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері сөз болды. Сенат Спикері Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда өңірлердің дамуына қатысты бірқатар міндеттерді белгілеп бергеніне тоқталды. Олардың арасында еліміздің «ішкі байланысын» арттыру, өңірлердегі экологиялық мәселелерді шешу сияқты мәселелер де бар. Мәулен Әшімбаев бұл міндеттер жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыратынын атап өтті.