Сенаторлар Елбасы кітапханасында болды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті–Елбасы кітапханасында «Портреттер» тақырыбы бойынша жинақталған қор көрмесі ашылды.

Шараға Парламент Сенатының депутаттары қатысты. Олар ашылу салтанатына қатысып қана қоймай, кітапхананы да аралады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған көрме Тәуелсіздік құндылықтарын одан әрі ілгерілетуге өз үлесін қосып отыр.