ШҚО-да көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Бұған дейін Бесқарағай ауданында 200-ден астам адам кезекте тұрған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді олардың  24-і жаңа пәтердің кілтін алды. Бұл үйлер «Нұрлы жер»  бағдарламасы арқылы салынған. 10 сотық жері бар. Мал ұстап, бақша өсіруге жағдай жасалған. Құрылысқа отандық материалдар пайдаланылыпты.  Былтыр осындай 36 пәтер ел игілігіне тапсырылған. Жыл соңына дейін тағы 2 үй салынып бітуі тиіс. Сонымен қатар жаңа шағынауданда су, жарық, жол мәселесі де шешімін тапқан. 

Сабилья Абылғазина, Бесқарағай ауылының тұрғыны:

– Балаларым 3-4 жыл кезекте тұрды. 4 баласы бар, бір мүгедек қайным бар. Ақша төлеп 2 бөлмелі арендалық үйде тұрды. Барлық ата-ананың арманы  – балалар жеткеннен кейін дұрыс тұрса екен, дұрыс өмір сүрсе екен дейді. Сол арманымыз орындалды. Барлық жаңа үй алған адамдарға құтты болсын, іші жанға, сырты малға толсын деп айтамын.

Сұңғат Назаров, Бесқарағай аудандық ТКШ ЖК АЖ бөлімінің басшысы:

– Үйдің бір жақ пәтерін 85 шаршы метр, екінші жақ пәтерін 65 шаршы метр қылып салдық. Бұның себебі әр түрлі санаттағы азаматтар бар. Сондықтан заң жүзінде бір адамға 18 шаршы метрден аспау керек. Балалар алаңы құрылды осы жақта. Бұл шағын аудан өсетін болса, үлкен алаңдар құру жоспарда бар.