Ербол Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы зор әлеуетке ие

Министр Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі және базалық саласының бірі, сондықтан оны драйвер деп атайды. Сала қызметкерлері өздерінің адал және игілікті еңбектерімен азық-түлік қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экспорттық әлеуетінің зор үлесін қамтамасыз етіп отыр», - деді министр.

Оның айтуынша, бәсекелестікте оның табиғи артықшылығын шебер пайдалану және дамыту болашақта әлемдік азық-түлік нарығының жетекші көшбасшына айналуға мүмкіндік береді. «Ол үшін бізге ауыл шаруашылығында жүйелі өзгерістер жүргізу керек, оның мәні жаһандық климаттың өзгеруі және қазіргі әлемдегі басқа да сын-тегеуріндер саланың даму тұрақтылығын арттыруға келіп тіреледі. Бұған саланы әртараптандыру, заманауи инновациялық агротехнологияларды жедел енгізу, цифрландыру, адами капиталдың сапасын арттыру есебінен қол жеткізілуі тиіс», - дейді Ербол Қарашөкеев. Министр басты байлығымыз – табиғи ресурстарға ұқыпты қарау проблемасын шешудің өзекті екенін жеткізді.

Сондай-ақ ведомство басшысы жерді, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ресурс үнемдеуші технологияларды кеңінен енгізу қызметтің негізіне және базалық қағидатына айналуы тиіс екенін және осының бәрінде отандық қана емес, әлемдік аграрлық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенуі керектігіне тоқталды.

Түптеп келгенде, оның бәрі ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетінің артуына, ауылдық жердің әлеуметтік дамуына, тұрмыс сапасының жақсаруына және ауыл еңбеккерлерінің табысының артуына септігін тигізуі тиіс.