Атырау облысы «жасыл аймаққа» өтті

Осылайша эпидемиологиялық ахуал қазір 11 өңірде тұрақты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы республика бойынша жағдай тұрақталып келе жатыр. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысы әзірге қызыл аймақтан шыға алмай отыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары «сары аймақта».