Маңғыстау өңіріне сексеуіл егу үшін бюджеттен 133 млн теңге бөлінді

Маңғыстау өңірінде алты мың гектарға жуық шөлейтті жерге 2 млн түп сексеуіл егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кешенді жоспарға сәйкес бұл жұмыстар 4 жылда аяқталуға тиіс. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 133 млн теңге бөлінді. Қараша айында Бейнеу-Сам алқабының 300 гектар аумағына 1600 келі сексеуіл тұқымы себілді. Көгалдандыру жұмыстары 2025 жылға дейін жалғасады. 

Айта кетейік, биыл Сазды және Жарма елді мекендерін құм басып қалды. Оған іргелес Ұштаған ауылы да осындай күйде. Мұнда соңғы жылдары 1300 гектар жерге жыңғыл мен сексеуіл көшеті егілді.  

Мұңалбай Сансызбаев, Өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Биылға 300 гектар жерге тұқым себу аяқталды. Енді қалған 870 гектар келесі жылға, солай 5 жылда тұқым себу жоспарланып отыр. Тек қара сексеуілдің тұқымы Маңғыстау облысының мемлекеттік орманды жеріне себіледі. Ол шөлге, тұзды жерге өсуге бейім болып келеді.