Екібастұздағы №1 энергетикалық кешен белгіленген режимде жұмыс істеп тұр

Қазір мұндағы 6 блокта 2900 мВт қуат өндірілуде, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өткен жұма күні жалпы қуаты 1000 мВт болатын 5 пен 8 блоктардың істен шыққаны хабарланған болатын. Электр желілерін басқару компаниясы өкілдерінің мәліметінше, бұл жағдай Ресеймен шекаралас аумақтардағы желілерге салмақ салуы мүмкін еді. Қазір №8 блок қайта іске қосылды. Ал №5 блоктағы ақаулықтар анықталып жатыр. Десе де кешен басшылығы жылдық жоспарды асыра орындағанын айтады. Осылайша мұнда жыл соңында қарай 22 млрд кВт энергия өндірілуі мүмкін. Ал «Кегок» компаниясы мен құзырлы министрлік олқылықтардың қайталануына жол бермеу үшін өндірістік орындардағы энергия тұтыну үлесін шектеуді қолға алмақ.