Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы жол жабық

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қарлы боран мен көктайғаққа байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін ескерткен. Құршасай-Батыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Шұбарқұдық-Атырау бағытындағы тас жолдарда қозғалысқа тыйым салынды. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында қозғалыс шектелді. Синоптиктердің болжамынша өзге өңірлерде күн ашық болады.