Алматы облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үш рет апатты-құтқару жұмыстарына жөнелтілген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алғашқы шақырту кешкісін Алакөл ауданындағы Үшарал-Достық бағытында тіркелді. Қарға батып қалғандар арасында бір бала болған. Екінші шақырту да осы ауданнан түскен. Мұнда трактордағы екі адам қар құрсауында қалыпты. Үшіншісі Кербұлақ ауданында тіркелді. Абырой болғанда адамдар аман. Бірақ олар алдын ала жіберілген дауылды ескертуді елемеген. Мамандар халықты абай болуға шақырады.