Алматыда карантин шаралары жеңілдейді

Өңірде ертеңнен бастап карантин шектеулері алына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Еске сала кетейін, мегаполис бір апта бұрын «жасыл» аймаққа көшкен еді. 22 қарашадан бастап туристік бағытта қала арасында қатынайтын көліктер өз қызметін қайта бастайды. Вокзалдар, білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істей бастайды. Мейрамханалар, дәмханалар толымдылығы 50 проценттен аспайтын жағдайда жұмыс істей алады. Негізгі шарт – нысан Ashyq жүйесінің қатысушысы болуы керек.