Қазақстанда ревакцинация басталады

Елімізде ертеңнен бастап халықты ревакциналау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері. Биыл жасы 60-тан асқандарға да екпенің үшінші бөлігін салдыруға рұқсат етілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакциналаудың бірінші кезеңінде миллион, ал екінші кезеңінде 6 миллионнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.