Атом электр станциясын салу мәселесі әбден зерттеуді талап етеді

Әлем мамандары қоршаған ортаға залалы тимейтін қуат көзін өндірудің тиімді жолын іздеп жатыр. Бірі күн мен желдің көмегіне иек артса, енді бірі fтом электр станциясын салуды жөн көреді. Бізге де бір байлам керек. Әйтпесе алдағы елу жылда жер-жаһанда электр қуатына сұраныс күшейіп, энергия тапшылығы туындайды. Ғалымдар оған қазірден бастап қамдану керек дейді.

Сарапшыларды әлемдегі энергия тапшылығы алаңдатады. Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры Ариэль Коэн атом өндірісіне назар аударуға кеңес береді.

Ол «Қазақстан уранға бай. Әлемге қауіпсіз ядерлік отынды жеткізетін бірден бір мемлекет болуға мүмкіндігі зор», - дейді.

Ариэль Коэн, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры:

- Жасыл экономикаға көшуіміз керек. Осы ретте тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев энергия өндірісінің базалық деңгейін түзуді ұсынды. Мен де сарапшы ретінде өз ойымды айтсам, Еуропа атом өндірісінің әлеуетін бағаламай отыр. Кеше ғана Билл Гейтстің жаңа атом реакторын салуға қыруар ақша бөліп жатқаны айтылды. Бұл пилоттық жоба арқылы 345 мВт энергия өндіруге болады. Бұл аздау болса да арзан энергия болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан бұрынырақта Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы ой бөліскен болатын. Әрине бұл атүсті қарайтын жеңіл-желпі дүние емес. Әбден ақылдасып, бүге-шігесіне дейін пысықтап алатын аса салмақты жоба.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік.

Бірлік Берікұлы, тілші:

- Қарапайым электр қуатын пайдалану үшін еліміз энергияның 70 процентін көмірден, 14-ін - су электр станциясы, 10-ын - газ және 5 процентін мұнайдан алып отыр. Сонда да аз. Қалғанын көрші елдерден импорттауға мәжбүрміз. Негізі бұл ойланатын нәрсе. Себебі 10 жылдан кейін энергия тапшылығы байқалады. Енді ешкімге тәуелді болмай, айналаны көмірдің түтінімен былғамай, үйдегі ләмпішкені жағып қою үшін АЭС салған дұрыс. Экологиялық тиімділігімен қатар экономикалық пайдасы бар екен. 

Рақым Ошақбаев,  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Әлемде ауаны ластап отырғандар ерте ме, кеш пе жазасын алады. Қазір қоршаған ортаны былғағандарға салынатын салық өсіп жатыр. Бұл бізге де қатысты. Мәселен, көмірден электр қуатын ала отырып, металл өндіреміз делік. Сол үшін металдың әр тоннасына 50, сосын 100 еуро салынады. Бұл кәнігі көмірдің бағасына әсер етеді, баға өседі. Сол үшін АЭС-ті салу маңызды. Кейін әлем елдері біртіндеп бейбіт атомның шарапатын көріп отырғанда біз көмір жағып жүрсек, бізге санкция салады.

Рақым Ошақбавтың сөзінше, көрші өзбек елі атом электр станциясын салуға қамданып отыр. Келешекте Тузкан өзенінің бойында Орталық Азиядағы алғашқы АЭС пайда болады. Сөйтіп, таза әрі арзан энергияны солардан сатып алуға тура келеді. Одан да өзіміз бейбіт атом құрылысын бастағанымыз жөн, дейді.

Бақтыбай Қасымбеков, техника ғылымдарының докторы:

- Көптеген мынау АЭС-тің бәрі қауіпсіздік жағынан өте жоғары деңгейде тұр. Бұлар 100 есе, 1000 есе қауіпсіздікте істелінеді. Мысалы, тікелей ядролық бомба түсірілген күннің өзінде электр станциялары өздерінен өздері жауып жаңағы қауіпсіздік мәселесі сондай қолданылады.

Қазір бізде кепілдік беретін маман жоқ. Атом саласын меңгерген ғалымдар өте аз. Сондықтан еліміз құрылысты басқаға сеніп тапсырады, сәйкесінше біздің АЭС-ті солар басқаруы бек мүмкін деген күдік бар.

Оның үстіне бұған дейін әлемде үш атом электр станциясы жарылғанын бәрі біледі. Три-Майл-Айленд, Чернобыль, Фукусима. Үшеуі бір мезгілде, әр жылы апатқа ұшырады. Жаңғырығы жұрттың жадында. 

Бақтыбай Қасымбеков, техника ғылымдарының докторы:

- Барлық жаңа технологиялар үрей алып келеді адамдарға. Қорқақтық емес ол. Көбіне мынау түсінбеушіліктер болады. Әлеуметтік желіде болады. Ғалымдар түсіндіру керек олар. Олар соншалықты жарылысқа ұшырамады. Олардың қауіпсіздік несі қызмет жасады.  

Әлемде қуат көзін өндіретін 450-ге жуық ядролық реактор бар. 55 атом электр станциясы салынып жатыр. 32 мемлекет АЭС-тің игілігін көріп отыр. Арасында Ресей, Ұлыбритания, АҚШ сынды атом энергиясын ұршықша иіріп жүргендер кездеседі. Бірақ бұл дамыған елдердің бәрі бейбіт атомның құрылысын құптайды дегенді білдірмейді. Мысалы, кәрі құрлықтағы Германия, Италия АЭС құрылысына үзілді-кесілді қарсы. Біздің де бір байламға келетін уақытымыз келді. 

БЛИЦ

 - Нет, не надо. Даже не надо над этим думать.

 - Ваще не надо мне кажется.

 - 04сек*Оны қадағалайтын мамандар жоқ қой бізде. Былай керек қой, негізі.

 - Біздің Қазақстанға АЭС керек емес. Себебі мен сіздерге айтайын, өзімізде Семей полигоны бар. Қанша адам радиация алған.

Бірлік Берікұлы, тілші

- Иә, басқа-басқа қазақ радиацияның не екенін жақсы біледі. Ол көзге көрінбейді. Ауа арқылы таралып, тіршілікке залалын тигізеді. Зардабын әлі тартып жүргендер бар. Мәселен, Черонбыльдегі жарылыс кезінде аумақтан жұрт тегіс көшті. Зерттеу кезінде мамандар тек қорғаныш киімімен ғана жүрді. Үрей туғызатыны осы. Ал пайдасы міне. Таза энергияны қалағаныңша пайдалан. Негізі Маңғыстау облысында атом электр станциясы болған. Ол 1972 және 1999 жылдар аралығында жұртқа біраз пайдасын тигізді. Кейін оның мерзімі аяқталып, қызметін тоқтатты. Бірақ ғалымдар оны түбегейлі жойып жіберудің жолын әлі таппады. Сондықтан бұл тақырыпты әбден зерттеп, зерделеп барып шешім қабылдау керек.