Қостанай облысында әлеуметтік-медициналық сақтандырудан 170 мыңға жуық адам тыс қалған

Елде әлеуметтік-медициналық төлем жасау міндетті.

Бірақ бұл талаптан кейіндеп қалғандар бар. Сол тізімнің басында Қостанай облысы тұр. Аймақта 170 мыңдай адам тегін дәрігерлік тексеріс пен ем қабылдаудан тыс қалған. Демек, әрбір бесінші тұрғынның медициналық сақтандыру құжаты жоқ. Жүйеге енбегендер санатында жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық келісім-шартпен еңбек етушілер бар. Соңғы айларда бес мыңнан астам кәсіпорын өз жұмысшыларына төлемді уақытылы аудармаған. Қазір берешек сома қырық жеті миллион теңгеден асып жығылады.

Батырбек Нұрғалиев, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ҚОФ басшысы:

- Облыстан шетелдерге қоныс аударушылар көбейген. Олар біздің базада әлі тіркеуде тұр. Осындай 60 мыңдай адамды анықтадық. Сонымен қатар ауыл тұрғындары да медициналық сақтандыру жүйесіне төлем жасауға асығар емес.