Книжевское қоймасындағы апатқа байланысты ТЖБ басшысы түсініктеме берді

Книжевское қоймасын су жырып кеттті. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша дамбада жарықшақ кеше түн мезгілінде пайда болған. 

Жалпы бұл су қоймасының сыйымдылығы 4,47 млн текше метр. Қазір жасанды көл жартылай толы. Одан аққан судың болжамды көлемі шамамен секундына 30 текше метр. Су қазір Қарғалы өзенінің бойымен ағып кетіп жатыр. Одан әрі Іле ауданындағы Күрті су қоймасына құяды. Әйтеуір мал-жан аман. Тек Мыңбаев-Қасымбек автожолына қауіп бар. Бұл маңда полиция қозғалысты шектеді.

Жағдайға байланысты арнайы штаб жұмыс істеп тұр.

Айбек Жанаев, Жамбыл ауданы ТЖБ бастығы

Книжевское қоймасындағы плотинаны су жырып кетті

Сондай-ақ...