Алматы облысында апат болған су қоймасы маусым айында 455 млн теңгеге жөнделген

Алматы облысындағы Книжевское су қоймасы маусым айында ғана күрделі жөндеуден өткен екен.

Жобаға 455 млн теңге қаражат жұмсалған. Енді мердігер нысанды қайта жөндеуге міндетті. Шарт бойынша құрылыстың кепілдік мерзімі 2 жыл.

Еске салайық, бүгін Книжевское қоймасын су жырып кеттті. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша дамбыда жарықшақ түн мезгілінде пайда болған. Жалпы бұл су қоймасының сыйымдылығы 4,47 млн текше метр. Қазір жасанды көл жартылай толы. Одан аққан судың, болжамды көлемі шамамен секундына 30 текше метр. Су қазір Қарғалы өзенінің бойымен ағып кетіп жатыр. Одан әрі Іле ауданындағы Күрті су қоймасына құяды. Әйтеуір мал-жан аман. Жағдайға байланысты арнайы штаб жұмыс істеп тұр. Жергілікті әкімдік жауапты мердігерге ақауды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.

Ақниет Тұматаев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір ауылдардағы жол қатынастары қалпына келтірілді. Су, газ, свет, бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр. Мердігер мекеменің міндеті бар солай қалпына келтіріледі. Бұл жұмыс көктем айында қолға алынатын болады.

 Книжевское қоймасындағы плотинаны су жырып кетті

Сондай-ақ...