Оралға Pfizer компаниясының 29250 доза вакцинасы жеткізілді

Батыс Қазақстан облысына Pfizer компаниясының өнімі саналатын 29 250 дана вакцина жеткізілді.

Өңірде вакцинаны сақтауға арналған арнайы жабдықтар жеткілікті. Әзірге 63 765 адамды егу жоспарланып отыр. Соның ішінде 12 мен 17 жас аралығындағы 41 мың жасөспірім, 9 965 жүкті әйел және 12 мың 800 бала емізетін әйел, екпенің осы түрін салдыруы керек. Қатерлі індетке қарсы алдымен 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді егу жоспарланған. Келесі кезеңде 12 мен 15 жас аралығындағы балалар қамтылады. Бүгінгі күнге дейін облыста 300-ден аса адам екпе салдырды.

Гүлнәр Әбдірахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы облыс бойынша бүкіл емханаларға таратылды. 20-нан бастап балалар арасында 12 жастан 18 жасқа дейінгі және жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге вакцинациямыз басталды. Медициналық колледж сдуденттері егуді алып бастады. 60 студентті жоспарланып отыр. Соның ішінде 10-ы алып шықты, көңіл күйлері жақсы. 

Сымбат Байғұтты, БҚО Жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенті: 

- Жасым 17-де, бүгін «Пфайзер» вакцинасын алдым. Әсері өте жақсы, ешқандай кері әсері жоқ.

Сондай-ақ...