Шымкентте сколиозға шалдыққан науқасқа күрделі операция жасалды

Шымкентте алғаш рет сколиоз ауруына шалдыққан науқасқа күрделі операция жасалды.

Клиникалық балалар ауруханасындағы операция Нұр-Сұлтан қаласынан келген білікті травматолог дәрігердің жетекшілігімен өтті. Жеті сағатқа созылған операцияда дәрігерлер 10 жасар қыз баланың қисайған омыртқасын хирургиялық жолмен түзетті.

Мамандардың айтуынша, енді операциядан кейінгі науқастың жағдайы бұрынғыдан жақсара түседі. Арқасы тіктеліп, бойының ұзындығы қалпына келеді. Енді медицина мамандары мұндай күрделі операция түрін жергілікті деңгейде дамытуды қолға алмақ.

Болат Нұсқабаев, жоғарғы санатты травматолог-ортопед:

- Осыған дейін тек Астана қаласына жіберіп келдік. Іштен туа біткен қисаюлары бар омыртқаның және осы идиопатиялық. Бұйыртса, 2022 жылдан бастап өндіріске осы қалада ендіреміз деп отырмыз. Жалғыз қала емес, Түркістан облысына да біз қызмет жасайтын сияқтымыз. Себебі бұл 100-200-300 науқас емес. Шамамен облыс, қала бойынша 20-30 науқас бар қазір.