Қарағанды облысында кәріз суын тазартатын станция іске қосылады

Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы кәріз суын тазартатын станция жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл үшін облыс бюджетінен қосымша 135 миллион теңге қаржы бөлінді.

Еске салсақ, елімізде теңдесі жоқ қанатқақты жоба 2014 жылы басталып, екі жылдан соң құрылысы тоқтап қалған болатын. Әуелде бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінсе кейін қондырғылар бірнеше есеге қымбаттап, жоба аяқсыз қалған. Соның салдарынан қаладан шыққан қалдық су жақын маңдағы тоғанға төгіліп келді. Енді ол күн артта қалды.

Мамандардың айтуынша, станция тәулігіне 8600 текше метр кәріз суын тазарта алады. Бұған қоса құрамындағы биогумусты сүзіп алып, тыңайтқыш жасайды екен. Сондықтан да келешекте нысанның маңынан жылыжай салу жоспарланып отыр.

Темірхан Айдарханов, қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Жылыжай салынған күнде, қолдау тапса бұл жерден отдельно удобрение беріледі, техникалық су осы жерде болады және отопление, жылу осы жерде болады. Қаланы жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызатын болады. Енді өтірік-шынын білмеймін, до того ішуге дейінгі дәрежеде тазаланады дейді ғой.