434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО тұрғыны 600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқаны үшін сотталды

  • 67
  • UPD: 18:10, 22.11.2021
ШҚО тұрғыны 600 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқаны үшін сотталды

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы елдің «көлеңкелі» экономикасының ауқымына әсер етеді және жекелеген қылмыстық топтардың қызметін қаржыландыру көзі болып табылады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Баррель» жедел-алдын алу шарасы шеңберінде мұнай өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз өткізу дерегінің жолын кесті.

Тергеу барысында Үржар ауданының тұрғыны С.Каленова 151 млн. теңге сомасына 600 тоннадан астам дизель отынын олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз сатқаны анықталды.

Ол 3 жылға шартты түрде сотталды.

 

Хабар 24 телеарнасы