430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент. Елордада халықаралық парламенттік конференция өтті

  • 82
  • UPD: 19:14, 22.11.2021
Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент. Елордада халықаралық парламенттік конференция өтті

Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент. Бүгін елордада осындай атаумен халықаралық парламенттік конференция өтті.

Дәстүрлі басқосу  бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Іс-шараға Словакия, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан секілді алыс-жақын шет елдердің парламент басшылары мен халықаралық  ұйымдардың сарапшылары қатысты. Жиын басында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктерін тізбеледі. Тәуелсіздік жолында Елбасының айшықты қолтаңбасы жатқанын тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ішкі ғана емес, сыртқы саясатта да өткір көтере білді. Ядролық қарудан бас тарту, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес сынды бірқатар бастамалары халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапты.

Мариан Кери, Словакия парламенті комитетінің төрағасы:

– Менің ойымша, Қазақстанды бақытты ел деп атауға әбден болады. Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарған тұста тек бүгінгі күнмен шектелмей, болашақты болжай алды. Мұндай білікті саясаткерлер әлемде некен-саяқ. Демократия жолында жасалған әр нық қадам Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі дер едім.

 

Хабар 24 телеарнасы