Өскеменде қария бір апта бойы үйінді астынан шыға алмай жатқан

Өскеменде жасы 70-тен асқан тұрғын бір апта бойы үйінді астынан шыға алмай жатқан, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қарияның бірнеше күн қатарынан көрінбей кеткені туралы құтқарушыларға көршілері хабарлапты. Мекенжайға жедел жеткен құтқарушылар бригадасы қарияны үйінді астынан тапқан. Жер үйде жалғыз тұрып жатқан қартты бөлмесіндегі ағаш төбе құлап, басып қалған екен. Айтуынша сол қалыпта бір апта бойы жатқан.

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілді. Оның еш жері сынбаған. Бірақ төбесі ортасына түскен үй ішінде қатты суықтап қалыпты.