ШҚО-да боран салдарынан көлік қозғалысы шектелді   

Шығыста күн райы қайта бұзылды. Біршама аудандарда ақ түтек боран басталды.

Ауа райының қолайсыздығына орай республикалық бағыттағы Өскемен-Семей, Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясы шекарасы, Өскемен-Шемонайха бағытындағы бірнеше жол бөлігінде тіркемесі бар және жолаушылар көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. Сонымен қатар Таскескен-Бахты, Алматы-Өскемен бағытымен қоғамдық көліктің жүруі шектелді. Бүгін кештен басталған боран ертең де жалғасатын түрі бар.

Синоптиктер, 23-қарашада өлкеде қалың қар жауып, екпіні сағатына 28 метрге жететін жел соғады деп болжап отыр. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.