Елімізде 40-тан астам су қоймасы апатты деп танылды

Елімізде бүгінгі күні 6 мыңға жуық су қоймасы бар. Соның 41-і апатты деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мамандар 2017 жылдан бері әлгі ескірген гидротехникалық құрылыстарды жаңартып жатырмыз дейді. Осы уақытқа дейін 17 су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген екен. Қалғаны 2025 жылға дейін толық жаңартылады. Ол үшін бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді.

Экология министрлігі 9 өңірде 39 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр.