Алматы облысында жолаушы тасымалдайтын көліктер қозғалысы шектелді

Алматы облысының Үшарал қаласынан Шығыс Қазақстан облысының аумағына дейінгі аралықта жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатынауына шектеу қойылды.

«Алматы-Өскемен» автомагистралінің 558 және 615 шақырымы автобустар үшін жабық. ТЖД өкілдері қарлы боранға байланысты аталған бағытта жолға шықпауды ескертеді.