Үкімет басшысы: Ревакцинацияға екпе қоры жеткілікті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавиурсқа қарсы қайта вакциналау шаралары бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Корорнавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды тәсілі вакциналау. Сондықтан оның қарқынын одан әрі ұлғайту керек. Бүгінде бірінші компонентті 18 жастан асқан тұрғындардың 76 пайызы. Екінші компонентті шамамен вакцина алуға жататын халықтың 70 пайызына жуығы салдырды», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакциналау деңгейі қажетті контингенттің 99 пайызынан асқан. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоқжановқа бақылау тапсырылды. Сондай-ақ жиында Үкімет басшысы шекара маңындағы өңірлерде эпидемиологиялық ахуалды да тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске сала кетейік, 22 қарашадан бастап елімізде халықты ревакциналау басталды.

Сондай-ақ...