434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды – А. Цой

  • 65
  • UPD: 10:45, 23.11.2021
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды – А. Цой primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлемде КВИ-дің 258 млн астам жағдайы тіркелгенін айтты, тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 5 млн астам адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағында аурудың өсуі жалғасуда. Қазақстан Республикасы және қалған 10 өңір жасыл аймақта орналасқан. 4 өңір – сары аймақта (Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы). Қызыл аймақта 2 өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр. Репродуктивтілік саны – 0,93.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы айда ауруды жұқтыру 2,4 есеге, стационарлардағы науқастар 1,4 есеге, амбулаторлық науқастар 1,8 есеге төмендеді. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы – 30%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 25% құрайды», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.

Халықты КВИ-ға қарсы вакциналау жалғасуда. 1-компонентпен 8,7 млн адам егілді, тиісті ересек халықты қамту халық санының 76%-ын немесе 46%-ын құрайды, екінші компонентпен 70% немесе халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 млн-нан астам адам екпе алды. А. Цой атап өткендей, Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцина алуы тиіс 35 012 бала, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды. Вакцинаны апта сайын жеткізу  жалғасуда.

«Тұмауға қарсы вакциналау аяқталды, 2 млн 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3%-ы егілді. Халық санынан халықты қамту 13% құрады және ДДСҰ-ның талап етілетін деңгейіне жетті (кемінде 10%). КВИ және ЖРВИ ауруларын бақылау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда», — деп түйіндеді А. Цой.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Хабар 24 телеарнасы