Елімізде бүгіннен бастап жеті автожол ақылы болды

23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ұлттық компанияның мәліметінше, осы 7 учаскеде ақы алу жүйесі соңғы тестіден өткен. Осылайша бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан - Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент және Щучье - Көкшетау бағыттарындағы 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республиклық жолдар ақылы болады

Айта кеткен жөн, осы күнге дейін жүргізушілерден ақы алынбады. Өйткені мұның алдында жүйе тестілеуден өткен болатын.