Елімізде жаңа жылды тойлауға рұқсат беріле ме

Жаңа жыл мейрамын ұжыммен бірге атап өтуге рұқсат беретін шешімді қала мен облыстардағы бас санитарлық дәрігерлер қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бәрі де өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Мәселен, қазір Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта. Сондықтан белгілі бір шектеулер болуы мүмкін.