434,46 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылорда облысында жол бойындағы малға қараңғыда жарқырайтын алқа тағылды

  • 116
  • UPD: 17:58, 23.11.2021

Қызылорда облысында күре жол бойында малды қағып кету дерегі азаймай тұр. Өткен жылы Самара-Шымкент тас жолында үй жануарлары кесірінен 30 жол-көлік оқиғасы болған.

Ал биылғы жылдың 11 айында осындай 48 дерек тіркеліп, 13 адам жарақат алған. Полицейлер жол күтіміне жауапты мекеме өкілдері және жастар ұйымдары бірлесіп, осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жол бойында жайылып жүрген төрт түлікке жарық шағылыстыратын алқа тағу шарасын өткізді.

Мамандар көбіне түн мезгілінде иесіз жайылып жүрген малдар трассаларға шығып, үлкен жылдамдықпен келе жатқан көліктің астына түсіп жатады, дейді. Қою қараңғыда жүргізушілерге жол үстінде мал көрінбейді.

Айбек Құлмағанбетов, облыстық ПД ӘПБ бастығының м.а.:

- Көлік құралын жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзбау, қыс мезгілінде автомобиль жылдамдығын асырмау мақсатында тиісті брошюркалар, буклеттер таратылуда.

Ғалымжан Оспанов, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалының өкілі:

- Шымкенттен Қызылордаға дейін ақылы жол болады. Соған байланысты бізді жолдың жиегін қоршауға ұсыныстар беріп, бұл жұмыстар келесі 2022 жылдан бастап қолға алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы