430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да елді мекендерді ауыз сумен қамтитын жаңа коммуналдық мекеме құрылады

  • 29
  • UPD: 20:30, 23.11.2021

Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді ауыз сумен қамтитын жаңа коммуналдық мекеме құрылады.

Бұрынғы «Батыс су Арнасы» кәсіпорынын тарату көзделіп отыр. Жаңадан құрылатын мекеменің жарғылық капиталы әзірге 9 миллиард теңге шамасында. Мақсат өңірдегі су беру жүйелерін реттеу және  ірілендіру. Облыстық деңгейде жұмыс істейтін мекеме 12 аудандағы су жеткізу жүйелерін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Құбырлар мен өзге де жабдықтар жаңартылады. Қазір осыған байланысты ұсыныс-пікірлер жиналып жатыр. Бүгінде Орал қаласының өзінде су құбыры желілерінің 61 проценті тозған. Сонымен қатар тиісті басқарма тарапынан ауыз су тарифін көтеру туралы ұсыныс түскен. Өйткені қазір облыста есептегіш құрылғылары бар абоненттер үшін ауыз судың литрі небәрі 9 тиынға шығады екен.

Миржан Нұртазиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Таза ішетін су адам басына шаққанда күніне тәулігіне 40 литр деп белгілеп отырмыз. Қоғамдық кеңеске жолданды тарифты көбейту жөнінде. Аудандарда судың құны бір кубқа 30 теңге болды, қазіргі уақытта соны 90 теңгеге өсіруге жұмыстанып жатырмыз. Көтергенде 90 теңге айтқанда 1 кубта мың литр, 1000 литрің 90 теңге. 90 теңге енді көп емес деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы