Оралда «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған

Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «ЗападСтройКазахстан» ЖШС директорының жалған шот-фактураларды жазып беру жөніндегі заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат О. Бессонов өз кәсіпорны атынан топырақ жеткізуге және құрылыс жұмыстарына «Орал қаласында 1500 орындық тергеу изоляторының құрылысы» бойынша мердігер болып табылатын «Бура Строй» ЖШС-мен жалған мәмілелер жасады.

Сонымен қатар, шарттар бойынша нақты құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ.

Мемлекетке бюджетке төленбеген салықтар түрінде 170 млн. теңгеге залал келтірілді.

О. Бессонов 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

 

Сондай-ақ...