Елде тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесі енгізіледі

Елде 19 тауар биржасы лицензияланған.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес биржалық келісімдер 11 жылда 50 есеге өскен. Бұл бағыттағы сауда-саттық көлемі былтыр 291 миллиард теңгеден асып, барлық сауданың 30 процентін құрады. Енді заңға тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесі енгізілмек. Мұндай ұсынысты Сауда және интеграция министрі айтты. Мәжіліс отырысында Бақыт Сұлтанов биржалардың түрлі-тармақтарға бөлінуі - сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді деді.