Абай шахтасындағы апаттан кейін кеншілердің жалақысы өсетін болды

Абай шахтасындағы апаттан кейін кеншілердің жалақысы өсетін болды

Бұдан былай қарағандылық кеншілердің айлығы әр жылдың қаңтар айында елдегі инфлияцияға сай индексикацияланып отырады. Мысалы, ақша бір жылда 7 процентке құнсызданса, қаңтар айында кеншілер айлығы 7 процентке артып отырады.

Абай шахтасында болған апаттан кейін кеншілер қойған 12 талапты келісім комиссиясы жеке-жеке қарап, осындай байламға келіп отыр. Бұдан бөлек үйлестіру комиссиясы келер жылдан бастап «Отбасы банкімен» бірігіп, кеншілер мен металлургтерге арналған жылдық мөлшерлемесі 5 проценттен аспайтын ипотека шығармақ. 

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

– Индексикацияны ескере отырып, кеншілердің жалақысы қосымша 15-17%-ке өседі. Жалақыны индекстеу әр жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейінен 100% көлемінде жүргізіледі. Желтоқсан айында көмір департаментінде өндірістік және экономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуына қарамастан бір жолғы 13-ші айлық төленеді.