434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда ауаға белгісіз химикаттар шашқан – фейк

  • 74
  • UPD: 12:54, 24.11.2021
Атырауда ауаға белгісіз химикаттар шашқан – фейк stopfake.kz

Қазнетте Атырауда белгісіз химикаттар шашқаны туралы ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде ұшқан ұшақтан соң аспанда қалған конденсациялық іздің суреттері ұсынылған. Бұл жалған, деп хабарлады stopfake.kz.

Бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды.

«Атырау облысы экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай өтініш түспеген. Атырау облысы аумағында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылау станциялары да осы оқиғаға байланысты ешқандай шығарындыларды тіркеген жоқ. Ұшу аппараттарымен қандайда болмасын химикаттарды шашу немесе өңдеу туралы пікірлер дұрыс емес», – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, өңір әкімдігінде фотода көрсетілген апандағы ақ жолақтар конденсациялық із болып табылады. Бұл ауада қозғалған ұшу аппараттарынан кейін атмосферада конденсацияланған ылғалдан, тамшылардан немесе мұз кристалдарынан қалыптасатын іздер.

Химтрейлдер туралы теория – ұшу аппараттарының көмегімен химиялық заттарды шашу – конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ. Біз оны бірнеше рет жоққа шығарған болатынбыз. 

Хабар 24 телеарнасы