Көмір қашан арзандайды

Разрезден тоннасы шамамен 7800 теңгеден шығып жатқан көмір Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына жеткенде 25-30 мың теңгеден сатылады.

Соңында тұтынушы қара отынды бастапқы бағадан үш-төрт есеге қымбат алады. Бұл ауылдағы ағайынның қалтасы мүлдем көтермейтін баға. Бұл мәселені Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Сайыров көтерді. Ол қып-қызыл бағаға көмірдің өзі тапшы деді. Қақаған қыста азаматтар ақшасын төлеп қойып, отынды тосуға мәжбүр. Көмір разрезден өңірлерге 16 күнде жеткізіледі. Сондықтан депутат Үкіметтен бағаны арзандатуды сұрап, көмірдің нормативтік қорын құруды әрі оны тасымалдайтын вагондардың санын көбейту керек екенін айтты.