СҚО-дағы Есіл өзенінің беті қатпай тұр

Синоптиктердің айтуынша, биыл мұздың қалыңдығы кей жерлерде 10 сантиметрге де жетпеген.

Өңірде 19 гидробекет бар. Мамандар өзен-көлдердің қабатын әр 10 күн сайын өлшейді. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға су айдындарына шықпауға кеңес береді. Әсіресе балықшыларға абай болған абзал. 

Роман Гиричев, Қазгидромет МКК СҚОФ инженер-метерологі:

- Есіл өзенінің Новоникольск, Покровка ауылдары мен Петропавл қаласының тұсында мұз әлі толық қатпаған. Сондықтан тұрғындарға жағаға да шықпаған жөн. Судың беті морт жарылып кетуі мүмкін.