Бес мыңға тарта елордалық Pfizer вакцинасын алды

Олардың қатарында жасөспірімдер, аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін аналар бар.

Америкалық екпені кез келген вакциналау орнынан алуға болады. Қауіпті вирустан қорғану үшін көпшілік вакцинаның үшінші дозасын алып жатыр. Оларға отандық, ресейлік және Қытай екпесін таңдау мүмкіндігі жасалған. Қорда 120 мың дозасы бар.

Тимур Мұратов, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Балалар, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға Pfizer екпесін сала бастадық. Қорда вакцинаның өзге түрлері де бар. Қалаған адам таңдау жасай алады. Енді Pfizer-ді ақылы түрде салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Оның қанша болатыны әзір белгісіз.

Сондай-ақ...