434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СҚО-да вакцина алған балалар туралы жалған ақпарат тарады

  • 67
  • UPD: 17:25, 24.11.2021

Әлеуметтік желі тағы шулады. Бұл жолы WhatsApp мессенджерінде Коронавирусқа қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақпараттың рас-өтірігі «Стоп фейк» айдарында айтылды. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында коронавирусқа қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады.

Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакциналаудан кейін бірден ауырып қалған. Бұл өтірік ақпарат болып шықты.

Жұртшылықтың үрейін туғызып, желіде желдей ескен ақпаратқа облыстық Денсаулық сақтау басқармасы нақты жауап берді «2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасымен егілді. Барлығының жағдайы қалыпты. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ». Осылай деген басқарма мамандары вакцина егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

.

 

Хабар 24 телеарнасы