Қазақстанда заңсыз қызмет еткен 13 майнинг фермасы анықталды

Оның 12-сі Жамбыл, ал біреуі Павлодар облысында жұмыс істеген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Ведомство «KEGOC» акционерлік қоғамының өтініштері негізінде жоспардан тыс 11 тексеру жүргізген. Аталмыш майнинг нысандар соның негізінде анықталды. Нәтижесінде цифрлық майнинг бойынша көлеңкеде қызмет еткен барлық 13 нысан жабылды.