430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркіменстанда әлі күнге дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

  • 64
  • UPD: 17:41, 24.11.2021
Түркіменстанда әлі күнге дейін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген

Алайда Түркіменстан Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әлем бойынша коронавирустың таралауына қарамастан бұл елде бірде-бір індет жұқтырғандар тіркелмепті. Мұндай ақпаратты осы елдің Қазақстандағы елшісі Батыр Реджепов растады. Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа арналған брифинг барысында аталған дипломат екі ел арасындағы келісімдерге де тоқталды.

Оның айтуынша, бұған дейін екі ел Каспий теңізінің түбін өзара бөлу мен Қазақ-Түркімен мемлекеттік шекарасын межелеу туралы келісімдерге келген. Бұдан бөлек келер жылы біздің елде Түркіменстанның мәдениет күндері өтетінін жеткізді. Сонымен қатар Ашхабадта қазақстандық ковид-төлқұжаттарды мойындау жағы да, қарастырылып жатқанын айтты. Бұл іс бойынша осыған дейін екіжақты кездесу де өткен.

Батыр Реджепов, Түркіменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Аталған мәселе бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл біз екі елдің Денсаулық сақтау министрліктерінің өзара кездесуін өткізіп, нақты басымдықтарды белгіледік.

 

Хабар 24 телеарнасы