Қостанайда мемлекеттік қызметкер жеті миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған  

Қостанай облысында бас бухгалтер қызметтік бабын пайдаланып, 7 миллион 300 мың теңгені жеке бас пайдасына жұмсаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әулиекөл аудандық ветеринария станциясының қызметкері ірі соманы өзінің жеке шотына және жұмысшылардың банктік карталарына аударып келген. Артынша жалған құжат жасап, қаражат құрылысқа жұмсалды деп көрсеткен. Есепшінің бұл әрекеті Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің жедел алдын-алу шарасы барысында әшкереленді. Енді айыпты тұлға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.