434,46 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандық тауарларды тұтынатындар көбейді

  • 65
  • UPD: 20:12, 24.11.2021
Қазақстандық тауарларды тұтынатындар көбейді

Қазақстандық өнімдерді енді Иран, Вьетнам және Сербия елдеріне тасымалдауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сауда және интеграция министрі Сенатта өткен жиында осылай деді. Қазір енді Сингапурмен келіссөз жүріп жатыр екен. Одан бөлек отандық тауарларды Израильге, Мысыр және Үндістанға тасымалдау жоспарланып отыр. Осы ретте, жыл басынан бері Қазақстан экспорты 16 процентке артқан. Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, ішкі сауда көлемі де ұлғайып келеді. Бөлшек сауда - 6, ал көтерме сауда - 11 процентке өскен.

Хабар 24 телеарнасы