434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде мүлік иелері бірлестігін құруға кедергі келтіргендерге 3 млн теңге айыппұл салынады

  • 69
  • UPD: 21:17, 24.11.2021
Елімізде мүлік иелері бірлестігін құруға кедергі келтіргендерге 3 млн теңге айыппұл салынады

Ал әзірге мүлік иелерінің 29 мың бірлестігі құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Негізінен ірі құрылыс компаниялары осындай жауапкершілікке тартылады. Олар тұрғын үй құрылысын аяқтап болған соң пәтер иелерінің бірігіп, бірлестік құруына мүмкіндік беруі тиіс. Шағын және орта бизнеске айыппұл көлемі біршама төмен. Келер жылдың екінші жартысынан елде мүлік иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады. Қазір басқару құқығы тұрғындарға тиесілі бірлестік саны 29 мыңнан асты. Республика бойынша 54 мың көппәтерлі тұрғын үйдің әзірге 60 проценті осындай жүйеге көшкен. Қалғаны бірлестік құруға әзірлік үстінде. Бұрынғы пәтер иелері кооперативтері тек сервистік компания ретінде қызмет көрсете алады.

Бақытжан Қашақов, ҚР ИИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасының орынбасары:

– Қазіргідей 20 үй басқарды ма дәл солай басқарсын. Бірақ сервистік компания ретінде. Мен түсінем, олардың адамдары бар, отбасы бар. Әрбір үйде бір шот, бір МҮБ болу керек. Әрбір үй басқару керек. Ал ПИК сервистік компаниялар боп жүре беруге болады.

Хабар 24 телеарнасы