434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында жолдың нашар жабдықталғаны үшін 21 әкім жазаға тартылды

  • 79
  • UPD: 23:52, 24.11.2021
Павлодар облысында жолдың нашар жабдықталғаны үшін 21 әкім жазаға тартылды inform.kz

Биыл 10 айда Павлодар облысының полицейлері жалпы қолданыстағы жолдардың 1240-на тексеріс жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Тексеріс қорытындысы бойынша мүдделі субъектілерге кемшілікті жою туралы 1255 ескерту жолданған. Осындай тексерістер кезінде әртүрлі бұзушылықтар анықталған. «Жолдарды жабдықтау және жолдағы өндіріс ережелерін бұзғаны үшін 209 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылған, соның ішінде ауыл және ауылдық округтердің 21әкімі бар. Оларға 6 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді облыстық полиция департаментінен.

Мәселен, тексеру кезінде Шарбақты тас жолының 10 шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар анықталған. Көлік жолдардың жөнді жабдықталуын қамтамасыз етпеген филиалдардың бірінің 44 жастағы директорына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 631 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ жыл басынан бері 185 теміржол өткелі тексерілген. Оларда тиісті жол белгілері және жарықтың болмағаны, төсемнің қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 185 ескерту берілген. Теміржол өткелдерін жөнді жабдықтамағаны үшін 25 лауазымды тұлғаға 730 мыңға жуық сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы