Елорда қарға көмілді: көліктер батып, жұрт жұмысқа кешігуде

Комуналдық қызмет түнімен дамыл таппағанымен нәтиже шамалы.

Күреген жолды демде басып қалып жатыр. Түнімен жауған қардың қалыңдығы кемі 30-40 сантиметр. Көліктер қаланың ортасында жүріп қарға батып, ал жаяулар омбылап қалды.

Қазгидрометтің болжауынша, қар әлі де жауады. Ертең күн 18-20 градусқа дейін суытуы ықтимал.

Ақмола өңірінің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады.

Жалпы Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Күндіз әсіресе оңтүстік-шығыстағы таулы аумақтарда және шығыста қар борайды. Тек батыс өңір ғана жауын-шашынсыз.