Шымкентте жолайырық іске қосылды

Шымкентте жолайырық іске қосылып, көлік қозғалысы жеңілдеді.

Бұл маңда құрылыс жүргендіктен 1 жылдан бері қатынас қиындаған еді. Енді жер де кеңіп, жүріс-тұрыс та оңайлады. Дәл осы аумақта тұрған жеміс-жидек базары да қала сыртына көшірілді. Жолайырықтың құрылысына 7 миллиард теңге жұмсалған. Бірақ шаруа мұнымен бітпейді. Көлік кептелісінен түбегейлі құтылу үшін тағы бір ауқымды жоба қолға алынды. Яғни тағы бір жолайырық салынады. Бұл нысан алдыңғысынан да үлкен. Жобаға 11 миллиард бөлінбек. Жалпы қала әкімдігінің мәліметі бойынша мегаполисте күніне 500 мыңнан аса көлік қатынайды. 

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Жоба 100% аяқталған жоқ. Себебі оны абаттандыру жұмыстарының бәрі ендігі жылға өтпелі. Қазіргі кезде біз қосымша қаражат қарап, жолаушылар жердің астымен жүретін қосымша проектті қостық. Ол да жылдың аяғына дейін аяқталуы керек.

Сондай-ақ...