Қарағандыда көктайғақтан 370 адам жараланған

Қарағандыда соңғы күндері, тайып құлап, жарақат алғандар көбейді.

Травматологиялық орталыққа тәулігіне 400-ге жуық адам қаралған. Қазір күндіз қар еріп, ал кешкілікте көк мұз қатып жатыр. Бұл жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де айтырлықтай қиындық тудырды.  Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істегенімен табиғаттың тосын мінезі жағдайды қиындатып тұр. Ал синоптиктер болса, бүгіннен бастап ауа райы күрт суып, аяз болады деген болжам айтты.

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы облыстық травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:

- Қазіргі біз байқаған тенденция – тұрғындар әсіресе кешкі сағат 19:00-ден бастап, түгі 12-лерге дейін ағылып келіп жатыр. Яғни жұмыстан, оқудан қайтқан уақыттар. Басым көбі осында қаралып, үйлеріне жіберіледі. Олардың көбі буындарын шығарып немесе сіңірлерін созып алып жатады. Сирек болса да дене мүшелерін сындырып алып жатқандар да бар.