430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыдағы азаматтық форумда ҮЕҰ жетістіктері талқыланды

  • 49
  • UPD: 15:49, 25.11.2021
Алматыдағы азаматтық форумда ҮЕҰ жетістіктері талқыланды

Соңғы 30 жылда еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны 14 есеге өсіп, 23 мыңға жуықтаған. Бірақ олардың белсенді жұмыс істеп жатқандары 5 мыңнан ғана асады.

Десек те, олар қоғамдық мәселерді көтерумен қатар соңғы екі жылда тек «Қайырымды істер» марафоны аясында 5 миллионнан астам адамға көмек көрсеткен. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан 10-азаматтық форумада айтылды. Бүгінгі таңда Мемлекет тарапынан қаржыландыру 20 млрд теңгеге жеткен.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Өркениетті елдерде білесіздер әлеуметтік салаға қатысты мәселелердің 70 процентке дейінгі ауқымын ҮЕҰ өз міндетіне алып мемлекеттік әріптестікте шешіп отырады. Сондықтан біздің елімізде де мемлекеттік органдардың жұмысында ҮЕҰ-ның атқарар ролі зор. Бала мен ана мәселесінен бастап алатын болсақ, балаларды қорғау, көпбалалы аналардың мәселесі, одан бөлек гендер мәселелер, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі, әлеуметтік қорғауға зәру топтар.

Айгүл Дүйсенова, Ақтөбе облысы ҮЕҰ қауымдастығының президенті:

- Барлық волонтерлар қоғамдық ұйым құрып жатыр. Осы барлық жұмысты бір жүйеге келтіріп бүінгі таңда мұқтаж адамдарды бір базаға салып соны көріп отыруға болады. Кімге қандай көмек көрсетілді? Кімге көмек қажет? Пандемия кезінде көрдік. Наразылық та болды. Соған байланысты осындай жұмыстар жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы