«Egemen Qazаqstan» газеті мен Қазпошта меморандумға қол қойды

«Egemen Qazаqstan»  мен «Казахстанская правда» газеттері жаңа жылда да оқырмандарын қуанта бермек.

Әсіресе шалғайда жатқан ағайынға ел және шетел жаңалықтары мен өзекті репортаждарды дер кезінде жеткізу маңызды. Бүгін «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» арасында меморандум жасалды. Нәтижесінде тасымалдағы кедергілерге жол берілмейді. Себебі пандемия кезеңінде сүйікті газеттері, кешігіп жеткен ауыл-аймақтар бар.

Айтпақшы, аталған басылымдарға бір жылға жазылған оқырмандарға бағалы сыйлықтар мен құнды әдебиеттер бұйыруы мүмкін.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы:

- Пандемия кезінде және басқа да себептерге байланысты бізге дер кезінде газет-журналдарымыз жетпей қалды деген шағымдар да болғаны рас. Меніңше, біз бірге шешуіміз керек бұл мәселені. Сонда біздің оқырмандарымызға ақпарат, газет-журналдар дер кезінде жетеді. Бұл үшін біз ынталандыру мақсатында арнайы конкурстар ұйымдастырып жатырмыз. Арнайы сыйақыларымыз бар. 

Серік Саудабаев, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біздің пошташыларымыз басылымдарды қиырдағы оқырмандарға дер кезінде жеткізіп тұрады. Ұжымдағы 120 мың адам қазақстандықтар алдындағы әлеуметтік міндетін орындап келеді. Бүгінгі меморандум осы байланыстың нығаюына серпін береріне сенімдімін.

Сондай-ақ...